Жарнама
Саясат

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ИГІЛІГІ КӨРІНЕ БАСТАДЫ

Қазақстан шетелдік инвесторларды тарту үшін бүгінде барлық жағдайды жасап жатыр. Оларға мемлекет тарапынан көп жеңілдік қарастырылған.

— Өзге елдердің озық технологиясы арқылы біз мемлекетіміздің әлеуетін, еңбек көрсеткіштерін көтере аламыз, — деді  «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсел Ерғазиева.

Брифинг қонағының айтуынша, бүгінде елімізде елуден астам әлемдік ірі компания қызмет етуде. Қазақ еліне тартылған инвестицияның негізгі үлесі Еуропалық одаққа тиесілі. Олар тоғыз жылда Қазақстанға 95 млрд. доллар инвестиция салған. АҚШ 19 млрд. доллар, ал Қытай 11,8 млрд. доллар инвестиция бөліпті. Ә.Ерғазиева ханымның ерекше тоқталғаны, шетелдік инвесторлардың республикамыздың өңдеу саласына бет бұрып жатқандығы.

— Қазақстанда қайта өңдеу саласында 21 млрд. доллар көлемінде 130-ға жуық инвестициялық жоба іске қосылды. Қазіргі кезде оларда 36 млрд. доллар сомасында 70-ке тарта жоба бар. Бұл жобалардың басым бөлігі жүзеге асады деп ойлаймыз және еліміз үшін сұранысқа ие болады, — деді басқарма төрағасының орынбасары.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы да инвестицияның  бағыты өзгере бастағанына айрықша тоқталды. Яғни, қаражаттың қомақты бөлігі, жоғарыда аталғандай, өңдеу саласына бағытталған. «Бізде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша нәтижелер өте жақсы. 4,5 жылда шетелдік тікелей инвестициялардың құрылымы өткен жылдарға қарағанда, яғни 2005-2009 кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Атап айтқанда, шетелдік тікелей инвестициялардың үлесі сақтандыру мен қаржылық салаларға 22 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, шетелдік тікелей инвестициялар өңдеу өнеркәсібінде 2,5 есеге артты» деді министрліктің баспасөз хатшысы.

Қайсар Жұмабайұлы инвестицияның көлемі индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырғанға дейін 6 млрд. доллар болса, бүгінде ол 15,4 млрд. долларға жеткенін әңгімесінің өзегіне айналдырды.

Ал, «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов ел аумағында машина-трактор стансалары құрылатындығы жөнінде әңгімеледі.

 

Азамат БАЗАРБАЕВ. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button