Атырауда түске дейін қанша сайлаушы дауыс бергені белгілі болды

1595916d fef9 4bb0 8113 e35cb8ca78ca w1200 r1 Саясат

Атырау облысында түске дейін сайлаушылардың 29,8 пайызы дауыс берді.

«Бұл елорда уақытымен сағат 12.00 бойынша ақпарат» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Атырау облысы бойынша 265 сайлау учаскесі дауыс берушілерді қабылдауда. Аталған учаскелерде 411 мың сайлаушы тіркелген. Сағат 12.00-дегі ақпарат бойынша, 29,8 пайызы дауыс берді» дейді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.

Еске сала кетелік, Конституциялық мерзімге сай өтіп жатқан ҚР Парламент Мәжілісі сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» қатысуда. Аталған партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға​ өз кандидаттарын ұсынған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз