Жарнама
Саясат

ІНДЕТ ПЕН МІНДЕТ

Жемқорлық – жегі құрт, қоғамға жат індет. Біздің қызметкерлеріміз егер қолында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.
Сондай-ақ, егер оны басқа адамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеген  жағдайда департамент басшысына  немесе  жетекшілік  ететін  басшыға  дереу жазбаша түрде ақпарат беруі тиіс.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері  бүгінде бюджет  қаражатының талантаражға салынбауын қадағалау және «көлеңкелі экономика» бойынша құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және алдын-алу бағытында жүйелі іс-шаралар жүргізуде. Осы орайда алдымызға қойылған үлкен де, жауапты міндеттерді сапалы, әрі уақытылы орындауымыз  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қоғам болып бірлесе күресуіміз қажет.

           М. ТӨЛЕУБАЕВ,

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер

Департаменті басшысының   орынбасары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button