Жарнама
Саясат

Индерлік ең жас дауыс беруші

Мөлдір Сариева — Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті. Университеттің инновациялық білім беру факультетінің 1-ші курсын аяқтап ауылға каникулға келген сәті.

Биыл 18 жасқа толып, дауыс беру мүмкіндігіне ие болыпты.

— Бұған дейінгі өтіп жүрген сайлау науқандарын сырттай талай естіп жүрдім. Сайлауда дауыс беру қиын процесс сияқты сезінетінмін. Әрі мен үшін қызық та көрінді. Бүгінгі референдумды асыға күттім. Куә болғанымдай дауыс берудің ешқандай мәселесі жоқ екен. Референдум учаскесінде қажетті барлық жағдай жасап қойыпты. Өз дауысымды беріп шықтым. Ал бастысы еліміздің жаңара, жақсара түскенін қалаймын. Алдағы уақытта да саяси науқаннан сырт қалмаймын деп ойлаймын, —дейді ең жас дауыс беруші Мөлдір Бауыржанқызы.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button