Индер ауданында референдумға байланысты бірқатар кездесулер өтті

screenshot 20220523 185818 Саясат

Атырау облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Сенатының ​ депутаты ​ Ләзат Сүлеймен және қоғам қайраткері Елена Тарасенко Индер ауданына арнайы барды.

Олар Индер орталығындағы аудандық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

«Конституцияға енгізілетін өзгерістер – Жаңа Қазақстанды құруға жасалып жатқан алғашқы қадам. Еліміздің ертеңін жасауға әр азамат жауапты» деп атап өтті Парламент Сенатының ​ депутаты ​ Ләзат Сүлеймен.

Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берілді.

Жиында жергілікті тұрғындар ұлттық тәрбие тақырыбына көбірек назар аудару, қымбатшылыққа қарсы тиімді саясат жүргізу мәселелеріне қатысты пікірлерін айтты.

Одан әрі мәртебелі меймандар Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепке барды. Мектеп ұстаздарымен, 11 сыныпты аяқтап отырған түлектермен кездесті. Кездесу барысында Парламент Сенатының ​ депутаты ​ Ләзат Сүлеймен және қоғам қайраткері Елена Тарасенко елдің болашағын бүгінгі жастар жасайтынын атап өтті.

Еске сала кетелік, 5 маусымда елімізде жалпыхалықтық референдум өтеді. Онда қолданыстағы Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз