«Халық қалаулысы» деген атқа лайық болуы керек
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Конституциялық реформа жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» деген еді.
Расында да бұл еліміз көптен күткен өзгеріс болды. Әділетті де Жаңа Қазақстан құру жолында енді, міне, барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің сайлауы өтпек. Бұл жолғы сайлауда жоғарғы билікке жалтақтайтын емес, халықтың мұң-мұқтажы мен жергілікті жердің өзекті мәселелерін жақсы білетін, жұртына жақын жанашыр депутаттар сайланады деген сенімдеміз.
Бір сөзбен айтқанда алдағы сайлау нәтижесінде Мәжіліс пен мәслихатқа «Халық қалаулысы» деген атқа лайықты депутат келеді деп күтілуде.
Ақмарал Жалғасбаева,
Сафи Өтебаев атындағы Атырау университетінің Бизнес мектебі директоры