Жарнама
Саясат

ҮГІТ КЕРУЕНІ – АУЫЛДАРДА

Атырау селолық округіне ат басын тіреген керуенді ауыл жұртшылығы ыстық ілтипатпен қарсы алды. Алдымен керуенбасы, ақын Қойшығұл Жылқышиев Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асырудағы басты мақсат, міндеттермен таныстырды. Одан әрі кеуен құрамындағы медицина мамандары тұрғындардың денсаулығын тексеріп, ем-домын берсе, әлеуметтік, білім, заң саласының қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесіп, ашық пікір алмасты. Белгілі болғандай, аталмыш елді мекен тұрғындарының басты мәселесі мәдени жұмыстың жолға қойылмауы екен. Селода бұрын гүрілдеп тұрған мәдениет үйі болған. Бұл ошақта бір кездері елімізге танымал Халық әртістері Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова сынды тұлғалар гастрольдік сапармен келіп, өнер көрсетіпті. «Бүгінде тоз-тоз болып, істен шығып, қаңырап қалған ғимаратты қайта жөндеуден өткізіп, қалыпқа келтірсек, игі іс болар еді. Сондықтан, «мәдениет үйін қайта жаңғыртамын» деген жоспармен сатып алған кәсіпкердің жұмысын қадағалау керек» дейді тұрғындар. Бұл орайда керуенбасы Қойшығұл Жылқышиев төл өнерімізді жаңғыртуда мәдениет үйінің маңызы зор екенін алға тартып, мәселенің аяқсыз қалмайтынын жеткізді.
Одан әрі керуен жанынан құрылған көркемөнерпаздар тобы халыққа концерттік бағдарлама ұсынып, жұртшылыққа тамаша көңіл-күй сыйлады. Үгіт керуенінің сапары, сондай-ақ, Дамбы, Балықшы селолық округтерінде жал-ғасын тапты.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button