Жарнама
Саясат

ГЕРМАНИЯМЕН БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСТІ

Деректерге жүгінсек, осыдан он жыл бұрын құрылған «Buss Group» компаниясының өзі дүние жүзі бойынша көлік логистикасы саласындағы қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндігі бар, инновациялық тұрғыдан сенімді де қуатты кәсіпорындар тобынан тұратын немесе солардың басын біріктіретін бірден-бір құрылым болып табылады. Сонымен қатар, ол аты әлемге әйгілі Гамбург айлағына ірі көлемдегі жүктерді жеткізетін, сонымен байланысты басқа да сан алуан қызмет түрлерін атқара алатын компания ретінде де танылған. Бүгіндері, Голландия мен Финляндия мемлекеттеріндегі өкілдіктерін қосқанда, мұнда 500-ден астам қызметкер еңбек етеді.
Айта кету керек, компанияның құрамындағы кәсіпорындар негізінен өзен порттары құрылысын салу мен осы саладағы шаруашылықты дамыту, жылжымайтын мүлік логистикасы, теңіздегі контейнер тасымалы, жабық қорларға эмиссиялық банк қызметін көрсету, т.б. қызметтер мен жобаларды жүзеге асырып, тапсырыстарды орындайды. Нақтылай кетсек, олар ауыр салмақтағы және үлкен көлемдегі жүктерді тиеп-түсірумен, қабылдау-жөнелтумен шұғылданатын порт шаруашылықтарын басқарып, жылжымайтын мүлік логистикасын жобалық жағынан дамыту мен басшылық жасау жөніндегі міндеттерді мойнына алған. Теңіз, өзен порттарынан өзге компанияның темір жол инфрақұрылымдарын, контейнер құрылысын өрістетуге де өзіндік үлестерін қосып келе жатқандығын білдік.
Жүздесуге қатысушыларды осындай жайлардан хабардар еткен компания басшысы ендігі жерде Қазақ елімен, соның ішінде, Атырау облысымен де жан-жақты экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға мүдделі екендіктерін жеткізді. Оның бұл ойын өзімен бірге келген әріптестері — компанияның атқарушы директоры Хайнрих Алерс те қостады. Меймандардың ізгі ниетін аймақ басшысы Бақтықожа Салахатдинұлы мен барша әріптестерінің атынан пікірімен бөліскен облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев та құптады, ұсыныстарын қабылдайтындықтарын, бұған мүмкіндіктердің де молдығын меңзеді. Сол себепті де жергілікті жағдайды тағы бір мәрте зерделеп, уақыт оздырмай іске кірісуге болатындығын жеткізді.
Соңынан германдық іскер топтың өкілдері «Атырау» әлеуметтік-әріптестік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басшылығымен кездесті.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button