Жарнама
Саясат

Есболдықтар ертеңіне сенімді

Жалпыхалықтық референдумға есболдықтар да ерекше дайындықпен кірісті. Мұндағы №122 сайлау учаскесінде барлығы 1722 дауыс беруші тіркелген.

Сайлау комиссиясының төрағасы Майра Тілепбергенқызының айтуынша сағат 11-дің шамасында халықтың 38 пайызы дауыс берген. Қатысу белсенділігі жақсы.

— Өз таңдауымды жасадым. Жағдайымыз жақсы. Жасымыз жетпісте болғанмен еліміздің болашағы үшін алаңдап отырамыз. Жақсыға қуанамыз. Еліміз бұдан әрі де дамып, өзгереді деп ойлаймыз. Сол үшін дауыс бердім, —дейді ауыл тұрғыны Түсіпқали Әбдірахманов.

Сондай-ақ шалғайға да арнайы комиссия мүшесі аттаныпты. Жағдай қалыпты, дауыс беру ойдағыдай өтуде.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button