Жарнама
Саясат

Елдік мәселе ортаға салынды

Үкімет отырысында Президент қазіргі Қазақстан қоғамында халықтың алаңдаушылығын тудырып жүрген көптеген мәселені көтереді. Олар әлеуметтік,  саяси,  экономикалық,  білім, құқық саласына қатысты сұрақтарды қамтиды.  

Экономикада кәсіпкерлерге қатысты «экономикалық лифт» жасау, аграрлық салада реніш туғызып жүрген субсидия мәселесі, халықтың көкейінде жүрген қайтарылған активтер мен мүліктерге қатысты сұрақтар да қамтылды. Стратегиялық маңызы бар объектілерге қатысты қоғамның наразылығын туғызып жүрген фактілер туралы айтылып, Президенттің аймақтық стратегиялық маңызды объектілер ұғымын кіргізу жайлы ұсыныс жасағаны да көңілге қонымды және оны қазіргі геосаяси жағдаймен байланыстыруы да өзекті, әрі ұлттық қауіпсіздікке тікелей байланысты сұрақ екендігін дәлелдейді. Елдің дербес экономикалық саясат жүргізуі жайлы пікірі де осы жағынан маңызды екені сөзсіз.

 Қоғамдық пікір туғызып жүрген сұрақтың бірі – балалар  жастар арасындағы қатыгездік, зорлық зомбылық оқиғалары еді. Бұл жерде тек жастар емес, жалпы әлеуметтік ортада жанұялық қанды қылмыстың көбеюі алаңдатып отыр. Президент арнайы тоқталып өткен жас ұрпақ қаупсіздігі мәселесі осыған арналған, енді оның нәтижесін күтеміз.

Білім саласына қатысты объективті бағалау, көзбояушылық, соңғы жылдары көбейіп кеткен тестілеу, сертификаттар орталығы да қоғамдық санада сұрақ туғызып жүрген проблемалар еді.  Әрине, бұдан өге де мәселелер қаралып, ұсыныстар айтылды. Дегенмен, отырыста қамтылған істің нәтижесі оның орындалымен құнды. Сондықтан, үкімет, депутаттар, атқарушы билік органдары тарапынан нақты, қонымды, тиімді шаралар қабылдануы тиіс.

Өмірбек БЕКЕЖАН,

философия ғылымдарының докторы, қауымдастаралған профессор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button