Жарнама
Саясат

ЕЛДІ ТАНЫТУ ӨЗІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ

«Еңбегіне қарай өнбегі» демекші, әр қызметкердің атқарған ісіне орай жалақысын көтеру, кәсіби деңгейін өсіру және түрлі қызмет барысында қажетті тұрғын-жаймен қамтамасыз ету жайы да қарастырылған. Тәжірибе алмасу бағытында шетелдік мамандарды да тарту көзделіп отыр. Ұлт жоспарының тағы бір маңызды тармағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жаңа заң жобасы қабылданып, этикалық кодекс енгізілмек. Бұл мәселелермен арнайы тағайындалған өкілдер айналысатын болады.

Ал «Менің елім» атты ұлттық жаңа жоба аясында әрбір азаматқа және шетелдік туристке ел туралы көбірек білуге көмектесетін «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді ғаламтор жобасы құрылмақ. Порталға Қазақстан бойынша ЗD үлгісіндегі бейне-турлар, еліміздің бай тарихы мен озық мәдениеті, қарапайым қазақстандықтардың күнделікті өмірі туралы қызықты ақпараттар орналастырылады. Бұл еліміздің «сапарнама кәртішкесіне» айналып қана қоймай, ұлттық жол көрсетуші есебіндегі нағыз құрмет тақтасы да болмақ. Виртуалды негіздегі байланыстың бұл түрі жаңару мен дамуға жол ашары сөзсіз.

Белгіленген жүз қадамның тағы бір маңызды бөлшегі ретінде екі инновациялық кластерді дамыту жобасын айтар едім. Өйткені, бұл ғылымды қажет ететін экономиканың негізі болып табылады. Бұл ретте «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң әзірленбек. Онда инновацияларды өндіріске енгізу жұмыстарын қаржыландыру тетіктері қамтылатын болады. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігіне орай, ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары қайта қаралмақ. Аймағымыздағы жастар ресурстық орталықтары да бұл бағытта тынбай еңбектеніп, өзіндік үлесін қосатын болады.

Серік Қойшығұлов, Махамбет аудандық «Жастар ресурстық орталы-ғының» басшысы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button