ЕЛ ЕРТЕҢІ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА
Президенттің тоқталған халықтық реформасының бірі–елімізде біртұтас ұлт құру міндеті туралы. Қазақстан – көпұлтты, этносты мемлекет. Олардың құқықтары Конституция бойынша тең дәрежеде. Осындай азаматтық тең құқықтың нәтижесінде елімізде бейбіт өмір салтанат құрған. Алуан ұлттың өкілдері бір биік шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ел болашағы үшін, кейінгі ұрпақтың жарқын өмірі үшін еңбек етіп келеді. Мұның өзі ел экономикасының одан әрі өркендеп, халықтың әлеуметтік өмірінің жарқын болуына жол ашады.
Біздің елімізде адам еңбегін бағалауға баса ден қойылған. Мемлекет ерен еңбек үлгісін көрсетіп жүрген азаматтардың еңбектерін үлгі ету, дарындыларды қолдау сияқты қоғамға қажетті маңызды істерге баса көңіл бөліп келеді. Еліміздің кемел келешегінің жастардың қолында екендігін терең ұғынғандықтың кепілі–олардың қандай білім аламын, қайда оқимын десе де мүмкіндіктері бар.
Мемлекет басшысы мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына үлкен жауапкершілік жүктеді. Үштұғырлы тіл саясаты қоғамды топтастырып, бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі күш екендігін қаперге берді. Сөйтіп, мемлекеттік дәстүрлердің жоғары деңгейде болу керектігін ескертті. Сайып келгенде, бұл «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын азаматтық құндылықтар жүйесін қалыптастыру болып саналады.
Дәреже БАЛАПАН,
«Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ департамент директоры.