Жарнама
Саясат

ЕҢБЕКПЕН ЕЛ КӨРКЕЙЕДІ

Индер ауданының әкімі С.Арыстан ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныстырды. Топ құрамында болған облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы К.Мұқашкереева да тұрғындармен кездесулер барысында облыс пен аудан көлемінде атқарылып жатқан ілкімді жұмыстарды сөзінің өзегіне айналдырды.

Есболдағы тұрғындармен кездесу Жамбыл атындағы орта мектепте өтіп, насихаттық топтың жетекшісі Елбасы Жолдауындағы әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейінгі басты бағдарларына тоқталды. Атап айтқанда, ішкі жалпы өнімнің көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе-қазіргі 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыру бағытындағы жұмыстарды екшеді. 

Топ мүшелері Елтай округіндегі Индер мұнай айдау стансасында да болып, жұмысшылармен кездесіп, Жолдауда қойылған  міндеттер туралы ой  бөлісті. Министрлік өкілі мұнайшылардың еңбек және тұрмыстық жағдайларымен танысып, асхана, қонақжай, демалыс орындарын аралап көрді.

Индерборда ақпараттық топтың жетекшісі Н.Қалдыбатыр Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының негізі болып табылатын шағын және орта бизнесті дамыту, оған кедергі  болатын  барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою, кәсіпкерлікті ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасылық дәстүрге айналдыру  жайында ой  өрді. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын көтеру, оны есептеудің жаңа үлгісін дайындау жұмыстарының жайына тоқталды. 

Сүйеу ХАЛЫҚОВ,

Индер ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button