Жарнама
Саясат

ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ

 

«2013 жылдың қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда Еңбек күні бекітілген болатын. Бұл мереке жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде тойланады. 2014 жылы Елбасының тапсырмасына орай, елімізде «Еңдек ардагері» медалі пайда болды. Бұл медаль өзінің еңбек жолында жоғарғы нәтижелерге қол жеткізген зейнет жасындағы адамдарға беріледі. 2014 жылдың 26 қыркүйегінде өңір-өңірден 300-ден астам жұмысшының қатысуымен Астанада «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» деген форум кезінде еңбек адамдары алғаш рет осы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған болатын. Ал, биыл Мемлекет басшысының наурыз айындағы Жарлығына сәйкес, жаңа үш дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені бекітілді. Айта кетерлігі, оның үш дәрежесіне ие болған азамат мәртебесі бойынша «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие азаматтармен теңеседі», — деді вице-министр.

Б.Нұрымбетовтің айтуынша, бұл медаль тек қарапайым жұмысшыларға беріледі және осы жылы Тәуелсіздік күніне орай орден алғаш рет тапсырылады. 

Өз тілшімізден.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button