Жарнама
Саясат

ДОКТРИНА – ДАМУЫМЫЗДЫҢ БАҒДАРЫ

 Әсіресе, өткен жылғы 18 қазанда партияның XV съезінде қабылданған «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» атты Саяси доктрина күнделікті басшылыққа алатын аса маңызды құжат болып табылады. Онда партияның ХХІ ғасырдағы миссиясы анық та айқын жазылған. Тәуелсіздігіміздің басты жетістігіміз екендігі көрсетілген. Ал, басты идеямыз – елімізді одан әрі өркендету. Мемлекетімізді мекендеген сан ұлт пен ұлыстың мызғымас бірлігі мен жарасымды ынтымағы – Төрағасы Елбасының өзі болып табылатын «Нұр Отан» партиясы жүргізіп отырған сындарлы саясат жемісі. 

Сайып келгенде, «Қазақстан-2050» стратегиясында да көрініс тапқан еліміздің әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына кіру мақсаты партияның қатардағы әр мүшесіне зор міндет жүктейді. Партия бастамашы болып көтерген игілікті идеяларды қолдау, оның орындалуына үлес қосу – қатардағы мүшелердің де парызы. Ал, сайлаушылар сеніміне ие болып, депутаттық міндетті атқаруға бел байлаған «нұротандықтарға» ерекше жауапкершілік жүктеледі. 

Мен облыстық мәслихатқа Қызылқоға ауданынан сайландым. Бұл өңір сонау кеңестік кезде де артта қалған аймақ ретінде саналатын. Даңғайыр дала төсінде төрт түлікті түгел өргізгенімен, халықтың тұрмысы жақсартуды қажет ететін. Шын мәнінде, тұтас аудан күнделікті қалыпты тіршілікке қажетті инженерлік жүйелерден сырт қалған-ды. Міне, осы олқылықтың орны тәуелсіздікке қол жеткізілген жылдары ғана мүмкін болды. 

Қызылқоға ауданына биыл да қажетті қолдау жасалады. Атап айтқанда, Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз автомобиль жолын жаңғыртуға жеткілікті қаражат қаралмақшы. Атап  айтар болсам, бұл менің сайлауалды бағдарламамда көрсетілген шаралардың бірі еді. Соның ретімен жүзеге асып жатқандығына қуаныштымын. 

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы Сағыз селосындағы темір жол үстінен жаяу жүргіншілерге арналған көпір өткелін салу үшін 80 млн. теңге берілді. Ол облыстағы «Көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы» нәтижесінде мүмкін болып отыр. 

Ауданға республикалық бюджеттен де қомақты қаражат бөлінді. Биыл 2 млрд. 691 млн. 288 мың теңгеге өңірде біраз шаруа тындырылмақшы. Міне, осы қаржының да мақсатты жұмсалып, халық игілігіне жаратылуына атсалысу – депутаттық міндетім. Ал, «Нұр Отан» партиясының келешекте де қолға алар жасампаз жобалары халық игілігіне арнала береді. 

Әділ ЖҰБАНОВ,
облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button