Жарнама
Саясат

“Демократияның ең биік шыңы”

Ел көлемінде өтіп жатқан бүкілхалықтық дауыс беруге атыраулықтар белсенділікпен қатысып жатыр. Қала орталығында орналасқан №10 учаскеге 1933 дауыс беруші тіркелген. Сағат 8.30-дағы мәлімет бойынша 100-ге жуық дауыс беруші келіп, өз таңдауын жасады. Олардың қатарында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов те бар.

— Бұл референдумның атауы жалпыхалықтық деп аталады. Сондықтан да ол — жалпыхалықтық мереке. Оның ел үшін маңызы зор. Яғни, басты құжат — Конституциямызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Бұл — сирек болатын оқиға. Біздің Конституциямыз 1995 жылы қабылданды. Ондағы өзгерістер Парламенттің қабылдауымен өтті, жалпыхалықтық болған жоқ. Жалпы, халық деген сөз — демократияның биік шыңы. Сондықтан, әрбір азаматтың таңдау жасауға құқығы бар.
Осы күнге дейін референдум жайында ел арасында түсіндіру жұмыстары кең ауқымда жүргізілді. Халық оның мәні мен маңызын ұққандай. Референдумды әрбір азамат өзінің жеке ісі деп түсініп, өз таңдауларын жасайды деп сенемін, — дейді Мұрат Сақтайұлы.

№10 учаскелік комиссия төрағасы Гүлбиназ Жақсиеваның айтуынша, референдум басталған сәттен-ақ Гимн ойналып, тұрғындар өз таңдауларын жасады.

— Референдумға учаске бойынша алғаш болып зейнеткер апамыз келді. Негізінен, саяси науқанға орта жастағы азаматтар отбасы мүшелерімен толық келіп, өз таңдауларын жасауда, — дейді ол.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button