ДАМУҒА – ДАҢҒЫЛ ЖОЛ
Біз, жергілікті кәсіпкерлер, еліміздің дамуы жолындағы барлық кедергілерді алып тастап, дамуға даңғыл жол салатын алғышарттарды жасауға белсене кірісіп кеттік. Ұлт жоспарының үшінші бағыты ел экономикасында түбегейлі құрылымдық реформалар кешенін өткізумен байланысты 50 қадамды айқындайды. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымдар корпоративтік табыс салығынан, жер салығынан және мүлік салығынан босатылатындығын айта кету керек. Осылайша стратегиялық инвесторларды тарту мен ғылымға сүйенген өндірістерді салу арқылы қайта өңдеуші секторды барынша дамытқанымыз жөн.
Тағы бір айта кетпегім, «Қазақстан Републикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 56-қадамын орындау шеңберінде әзірленген. Бұрын банкрот деп танылған кәсіпорынды жауып, жұмысшыларды тарқатып жіберетін едік. Қазір борышкер-банкроттың оңалту жоспарын жасауын және оны барлық кредиторлармен келісуі заңмен белгіленіп отыр. Сонымен қатар, кредиторлар тарапынан бітімгершілік келісімді жасасу туралы шешім кредиторлар жиналысында қабылданады. Ең бастысы – заңда сатып алушыға меншік құқығын бере отырып, кәсіпорынды тұтастай мүліктік кешен деп сату мүмкіндігі қарастырылған. Осылайша, банкроттық жағдайда кәсіпорын жұмыс істеп, жұмысшылар далада қалмайтындай жағдайлар қарастырылып отыр. Бұл өте құптарлық жай.
Айбек МАРАТҰЛЫ,
«Ақберен» ЖШС
Атырау филиалының басшысы.