БЮДЖЕТ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Атырау облысы қаржы басқармасы қызметінің басты мақсаты – бюджетті сапалы орындау, бюджеттік заңнама аясында оның кірістері мен шығыстарының есептілігін қалыптастыру, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу, бөлінген қаражаттың уақытында игерілуіне мониторинг жасау. Қаржыландыру жоспарлары мемлекеттік мекемелер бөлінісінде «Парус бюджеттік қаржыландыру» бағдарламалық өнімі арқылы жүргізіліп, қазынашылыққа электронды түрде ұсынылады. Мемлекеттік мекемелер кассалық-есеп айырысу қызметін қазынашылық жүйесіне электронды түрде жүзеге асыруда, «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесін енгізу нәтижесінде қаржылық құжаттарды өңдеуді қысқарту мемлекеттік мекемелерге жұмыстар мен қызметтер көрсететін іс жүзіндегі секторға қысқа мерзімде қаржы операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазынашылық қаржы органдарын бюджеттік сыныптаманың шығыс кодтары ерекшеліктер құрылымы және облыс бойынша бюджет қаражатының қалдықтары туралы күнделікті мәліметтермен қамтамасыз етіп отыр.
Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар.