Жарнама
Саясат

«Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтің жұмысын сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек.

Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс», — деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, жанармай нарығындағы жағдай халықтың әділетті алаңдаушылығын туындатып отыр.

«Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр.

Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр.

Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button