Жарнама
Саясат

Болашақтың бағдары

МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АРНАҒАН ЖОЛДАУЫН ТЕЛЕДИДАРДАН КӨРІП, ТЫҢДАП ҚЫЗУ ҚОЛДАП ЖАТЫР.

Президенттің биылғы Жолдауы алға басуымыздың бағдаршамы іспетті дер едім. Егеменді, зайырлы, саяси және экономикалық реформалары мен стратегиялық жоспарлары куатты мемлекеттердің өзін мойындатқан, әлем сахнасында өз орны бар Қазақстан дүние жүзіндегі дамыған елдің қатарына енуге қадам жасауда. Биылғы Жолдау осы межеге жетудің бағыттарын айқындағандығымен де құнды. Президенттің бұл жолғы Жолдауынан әрбір азаматтың, қазақстандықтың ел өркендеуіне үлес қосуы арқылы қол жеткізе алатынын ұғынуға болады.

Еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін Үкіметтің алдына көптеген міндеттер қойылып отыр. Әсіресе, ел экономикасын дамытудағы негізгі міндеттер айқындалды. Нақтырақ айтқанда, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың таза еңбек етуіне толық жағдай жасау, өңдеу саласын дамыту керектігі айтылса, еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану қажет екені баяндалды. Сондықтан айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асырып, экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда.

Осы орайда 30 мыңға жуық тұрғыны бар ауданда мемлекеттік бағдарламалар байыпты түрде жүзеге асуына жергілікті атқарушы органдар мүдделі де екендігі белгілі.

Тәуелсіз еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін арттыру — барлық Қазақстан азаматтарының парызы. Ол үшін ел ішінде бірлікті сақтау, шетелге шыққанда мемлекетімізге кір келтірмеуіміз қажет. Президент өз сөзінде осындай ойларды да ортаға салды.

Азамат ШАҢҒАЛАЕВ, Мақат аудандық мәслихатының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button