Жарнама
Саясат

БОЛАШАҚҚА БЕРІК БАҒДАР

Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚХА төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Қазақстанның Азаматтық альянсының вице-президенті Артур Платонов, ҚР Парламентінің депутаттары, ақын Ақұштап Бақтыгереева, спорт ардагері Әмин Тұяқов және басқалар бар. 

Түске дейін штаб мүшелері Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы («БҚМК» АҚ) ұжымымен жүздесті. Кездесу барысында кәсіпорын жұмысшылары индустрияландыру бағдарламасының арқасында компанияның басқа да қазақстандық зауыттардай  серпінді қарқынмен дамып жатқанына тоқталды. 

«БҚМК» АҚ еңбеккерлері Нұрсұлтан Назарбаев басшылық жасаған жылдарда Қазақстан индустрияландыруды дамытуда зор нәтижелерге қол жеткізгенін атап айтты. Олар «Жаңа инновацияларды енгізу, өндірісті модернизациялаудың бәрі де – Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп жатқан саясатының жемісі» екеніне сенімді.

Біздің Президентіміздің есімі Қазақстанның игілігі және тұрақтылығымен тығыз байланысты. Қарапайым халыққа бірінші кезекте елдің бейбітшілігі мен тыныштығы, жұмыс пен басында баспанасының болғаны маңызды. Осының бәрі де Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында бізде бар», — деді «БҚМК» АҚ қызметкері Татьяна Пантелеева.

Штаб мүшелерінің келесі барған жері облыстағы ірі жоғары оқу орындарының бірі – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті болды. Университет жылына агроөнеркәсіп саласындағы 5000 маманды дайындайды.

«Сапалы білім мен жастарды қолдау – барлық уақытта да Мемлекет басшысының басты назарында. Ондаған мыңнан астам  қазақстандықтардың шет елдің жетекші оқу орындарында білім алуына мүмкіндік берген, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған «Болашақ» халықаралық бағдарламасы осының жарқын мысалы болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан жастары Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайды!», — деп атап өтті Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті экономика факультетінің түлегі Зәмзәгүл Сұлтанова.

Түстен кейін РҚШ мүшелері «Акас» агрофирмасы»  сүттік-тауарлық фермасының жұмыскерлерімен кездесті. «Біздің Президент үнемі еңбекші халықтың Қазақстанда жұмыссыз қалмайтынын айтумен келеді. Елбасы – біздің асқар таудай қорғанымыз. Сондықтан да, біз оған сенеміз және сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлына дауыс береміз!», — деді ферма қызметкері Әлия Жұмашева.

Штаб мүшелері, сондай-ақ, облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесті. Өңірде  бейбіт пен келісімде 90-нан астам этностың өкілдері өмір сүруде, 48 этномәдени бірлестік өз қызметін жүргізуде. ҚХА мүшелері Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы Елбасының баға жетпес рөлін ерекше атады. Олар өздерін Елбасының негізгі халықтық тірегі санайды және 26 сәуірде барша қазақстандықтарды жалғыз дұрыс таңдау – бейбітшілік, бірлік, тұрақтылық пен  гүлдену үшін, яғни, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс беруге шақырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button