Биыл Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру жасы 70,3 жылды құрайды

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті.2012 жылы бұл көрсеткіш 69,6 жылды құраған екен. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде елімізде өмір сүру ұзақтығының көрсетші тұрғысында кеңестік кезеңдегі деңгейден асып түсті. «Бізде өмір сүрудің ең жоғары орташа ұзақтығы 1974 жылы 68,3 жыл болған еді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін өмір сүру ұзақтығының 63 жасқа дейін төмендеуі байқалды. Яғни, соңғы жылдары біз оның қалпына келтіріп қана қоймай, тарихи жоғары көрсеткіштен асып түстік», – деді Е. Орынбаев. Бұл ретте, Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға қатысты сала министрлігіне бірқатар тапсырма жүктеген еді. Оның ішінде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жетілдіре түсу мәселесі де көтерілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз