Саясат
Белсенділік жоғары
Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінде №113 референдум учаскесі орналасқан. Сағат 7.00-де басталған референдумда ең алғашқы болып аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Өтеп Нұриев пен мемлекеттік қызмет ардагері Серікқали Жұқиев бастап дауыстарын берді.
— Біздің учаскеде барлығы 2400 адам тіркелген. 2 сағат сайын дауыс берушілердің есебін шығарып отырамыз, —деді референдум учаскесінің төрағасы Бағытжан Ниетқалиұлы.
Аталмыш учаскеде орталықтағы Махамбет, Қазақстан, Д.Қонаев, Тайсойған көшелерімен қатар кенттің жаңа мөлтекауданы «Шығыс» пен»Болашақты» қамтиды.
С.Сансызбайұлы