БЕДЕЛ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ

Биылғы Жолдау қазіргі таңдағы өзекті мәселе  – Қазақстанның әлемдік дағдарыс жағдайындағы  іс-қимылдарына арналды.

 

Бұл ретте Елбасы жаңа жаһандық ахуалдағы күрделі кезеңдер  орын алып отырғанын, сын қатерлер мен тың мүмкіндіктер қатар өрбігенін, жағдайдың  көз алдымызда өзгеріп жатқанын айтты. Осындай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы аса маңызды екеніне, барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттігіне де тоқталды.

Еліміздің дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі – экспортымыздың дамуына, ел экономикасының шарықтап өсуіне зор мүмкіндік берері сөзсіз. Оған нақты іске кірісіп кету үшін үлкен жауапкершілік, табандылық, өз ісіне берілген ынта керек. Сондықтан, әр адам қабілетіне қарай белгілі бір кәсіппен  шұғылданғаны жөн. Яғни, бүгінгі қоғам еңбектің арқасында дамиды. Соны әрбіреуіміз жүрекпен түсініп, іске кірісуіміз керек. Кездескен қиындықтарға мойымай, жемісін көруге талпынғанымыз дұрыс. Сонда ғана отандық өнімдеріміз халықаралық нарыққа шығатындай мүмкіндікке ие бола алады.

Елбасымыздың қашан да Отанымыздың гүлденуі жолындағы еңбекке шақыруы тектен-тек  емес.  Еңбек  бол-ғанда, Елбасы жасампаз еңбекке шақырады. Тұңғыш Президентіміз, ұлтымыздың шын мәніндегі Көшбасшысы  келешектің көкжиегін көріп, халқының жасампаз күш-қуатына сеніп отыр. Кез келген отбасы ұрпағының болашағы үшін білек сыбанып еңбекке шындап араласуы керек.  Сонда ғана  нағыз жасампаз еңбекпен айналысып жүрген адамдардың беделі көтеріледі, өзгелерге өнеге болады.

Гүлнар  СӘДУАҚАСОВА, «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің  директоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз