Жарнама
Саясат

БАТЫСҚА ЕЛІКТЕУГЕ ШЕКТЕУ КЕРЕК

Қызылорда облысы бойынша аймақтық штабтың жетекшісі болып Талғат Телубаев тағайындалды.

Талғат Телубаев партияда 4 жылдан аса жұмыс істеп келеді. Мамандығы – журналист, біраз уақыт мұғалім болып қызмет атқарды.

«Бір ай көлемінде штаб Т.И.Сыздықовтың кандидатурасын қолдау аясында бірнеше іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Штаб құрамында бес сенімді тұлға жұмыс істейді. Насихат материалдары алынды, қазір оларды тарату жұмыстарымен айналысып жатырмыз», — деді таныстырылым барысында Т.Телубаев.

Ол, сондай-ақ, кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды үгіт-насихатының негізгі бағыттары жайында қысқаша әңгімелеп берді.

«Бүгінде батыс қоғамы жасанды және негізгі құндылықтардың өзара арпалысқа түскен күрделі кезеңін, моральдық қағидаттар мен рухани құндылықтардың дағдарысын бастан кешуде. Сол себепті, біздің кандидатымыз Тұрғын Сыздықов бұл мәселелерге үлкен маңыз беріп отыр. Жаңғырған жарнамалар, жылтырақ журналдар адамның санасын улауда. Адам құқығы мен еркіндікті көксеген ұрандардың астарында қантөгіс фильмдер мен эротика насихатталып жатыр. Бірақ, еркіндік әрбір әрекет үшін бірнеше еселенген жауапкершілікті талап ететінін ұмытпау керек», — дейді Т.Телубаев.

Штаб жетекшісі Т.Телубаев батыстық тамақтану мәдениетінің зияны Т.Сыздықовтың сайлауалды бағдарламасының басты тақырыптарының бірі екенін де еске салды. Оның айтуынша, батыстық тамақтану үлгісі – гамбургер, хот-дог, қуырылған картоп, газдалған сусындар мен басқа да азық-түліктер – аса калориялы, құрамында май мен қант көп. Сондықтан да, батыстық фаст-фуд алыптары жедел тамақтанудың рецептілерін үлкен құпияда сақтауда. Себебі, қарапайым тұтынушы оның өндірісінде қандай тыйым салынған әдістер пайдаланылып, көп жағдайда, жеуге келмейтін азық-түліктер қосылатынын білсе, одан үзілді-кесілді бас тартар еді.

***

Президентікке кандидат Тұрғын Сыздықов Астана қаласында жылу электр орталығының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге сайлауалды штаб жетекшісі А. Қоңыров та қатысты.

Өз сөзінде Тұрғын Сыздықов қатысушыларды сайлауалды тұғырнамасының негізгі принциптерімен таныстырды.

«Біз ғылыми коммунизм идеясын сақтауда үлкен қадам жасадық. Көп этапты даму жолынан өттік. Партияда партиялық бұқараны бақылаудың, бюрократиямен күрестің, даму тенденцияларын болжаудың, өзгермелі жағдайға дер кезінде жауап берудің тұрақты тетіктері жұмыс істеуде. Мұның барлығы өмірлік қажеттіліктен туындап, халықтың шығармашылығы мен белсенділігіне негізделеді» делінген Президентікке кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.

Кездесу соңында штаб жетекшісі А.Қоңыров қатысушыларға жүргізіліп жатқан насихат жұмыстары туралы баяндады.

«Біздің штабымызда сенімді өкілдер белгіленді. Олар барлық ақпараттық жұмысты атқаратын болады. Бізде нақты жұмыс жоспары бар. Бірқатар шаралар, кездесулер өтеді деп күтілуде.

Біздің штаб бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болады. Және де біз өзіміздің кандидатымыздың қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты жеткізуге дайынбыз» деді А. Қоңыров.

ҚКХП республикалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button