Жарнама
Саясат

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҰЛЫБРИТАНИЯ СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТЕРГЕ АЙНАЛДЫ

Мәртебелі меймандарға «қош келдіңіздер!» айтқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов сол кезде де қос тарапқа тиімді бірқатар мемлекетаралық құжаттарға қол қойылғанына тоқталды:
— Әсіресе, экономикалық байланысты нығайтуға арналған аймақтағы іскер топ британдық әріптестермен келісімге келді. Кездесу соның жалғасы болатынына сенімдімін,-деді ол.
Жалпы, екі жақ басшылығы қатысқан жиында индустрия, жаңа технология жайы сөз болды. Айта кетелік, өткен жылдың өзінде Атырау мен Ұлыбритания арасындағы өзара сауда-саттық көлемі 593,7 млн.АҚШ долларына жеткен. Екі елдің серіктестері мен әріптестері импорт және экспорт алмасуға ерекше назар аударуда. Ал, күні бүгінде мұнайлы өлкеде үлес капиталымен тұманды Альбион елінің 65 компаниясы жұмыс жасауда.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ.
Суретті түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button