Жарнама
Саясат

«Ауылдан ауылға»

Желтоқсанның 20 күні «Ауыл» халықтықдемократиялық патриоттық партиясының ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде «Ауылдан ауылға» атты республикалық акциясы басталды.

Қазақстанда өткелі отырған маңызды саяси дода қарсаңында ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігін, көңіл-күйін біліп, оларға рухани тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған о сынау елдік шараға Парламент Мәжілісі мен облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар қатысуда. Оның барысында алдағы сайлауда бақтарын сынап, бәсекеге түскелі отырған барлық үміткерлер, партия мүшелері мен белсенді жастар арнайы көрнекіліктермен безендірілген көліктер керуенімен ауылдарға аттанды. Жергілікті тұрғындардың қатысуымен өтетін кездесулерде «Ауыл» ХДПП-ның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атауынан-ақ аңғарылып тұрғандай, бұл акция байтақ еліміздің барлық өңірі мен ауылдарын қамтиды.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button