Жарнама
Саясат

Атыраулықтар қаржылық сауаттылық бойынша оқытылады

  Атыраулықтар «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқытылады. Жобаны Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асыруда, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Өткен жылы еліміздің сегіз өңірінде 65 000 адам оқудан өтіп, жоба қатысушыларының жоғары бағасын алған.

     Оқуға өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 8-29 қаңтар аралығында өтеді. Халықты оқыту 2024 жылдың 5 ақпанында басталады. Өтінімді тіркелген жері бойынша ауылдық әкімдікке немесе «AMANAT» партиясының кеңселеріне хабарласу арқылы беруге болады. 

      “Оқыту бес күнге созылады. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды үйренуді, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренуді және т. б. үйренесіз.

      Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында сіз білікті заң көмегін ала аласыз, егер сіздің шоттарыңызға тыйым салынған болса, сіздің қарызыңыз коллекторлық компанияға сатылған болса, сізге несиелік қарызды қайта құрылымдау қажет және т. б. үйретіледі”,- делінген хабарламада.

     Құжаттар bekmurzaeva_akmaral@mail.ru поштасында қабылданады.

Оқыту толығымен тегін.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button