Жарнама
Саясат

АТЫРАУЛЫҚ ЖУРНАЛИСТ МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҰТЫП АЛДЫ!

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында AMANAT партиясы журналистер арасында республикалық байқау өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында AMANAT партиясы журналистер арасында республикалық байқау жариялады. Байқау қорытындысы бойынша әлеуметтік, саяси, экономикалық және рухани-мәдени тақырыптар бойынша үздік материалдар таңдалды. «AMANAT-2022 Медиа-сыйлығы» БАҚ жанрына қарамастан тақырыптық бағыттар бойынша берілді.

Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынов атындағы «Сөз зергері», Шерхан Мұртаза мен Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлықтары және белсенді азаматтық ұстанымы үшін сыйлық ұсынылды. Бүгін, 24 маусымда жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқауда Атырау облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің аға корреспонденті Анжела Ли «Әлеуметтік мәселелер туралы үздік материал» номинациясының жеңімпазы атанды. Биылғы жылы жүлдегерлер AMANAT медиа-сыйлығымен, статуэткамен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button