Жарнама
Саясат

Атырауда  Жастар мәслихатының сайлау науқаны 15 қарашада өтеді

Атырау облысында 15 қарашада Жастар мәслихатының сайлауы өтеді, — деп хабарлайды atr.kz тілшісі. Бұл туралы Атырау облыстық Мәслихатының facebook парақшасында жарияланды.

«Жобаның мақсаты: Жастар арасында саяси сауаттылықты арттыру, қоғамдық белсенділікті нығайту, сапалы кадрларды дайындау. Кімдер қатыса алады? Студенттер және оқуды аяқтаған белсенді жастардан құралған 30 депутат. Оның ішінде, дауыс беру тәртібінде сайлау өтіп барлық ЖОО және колледждерден жалпы саны 20 депутат сайланады. Сонымен қоса, оқуды аяқтаған белсенді жастар арасынан 10 үміткер комиссиясының шешімімен іріктеліп, тағайындалады», — делінген жазбада.

Үміткерлер өтініш беру арқылы өз кандидатурасын ұсынады. Депутат болып сайлану мерзімі — 2 жыл. Үміткерлер сайлау алды бағдарлама әзірлеп, оны пікірсайыс форматында қорғайды. Сондай-ақ, студенттер үшін — оқу орнында сайлау өткізу,  оқуды аяқтаған белсенді жастар үшін — комиссияның отырысын өткізу кезеңдерінен өтеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button