
СаясатБЕЙНЕЖАЗБА
Атырауда референдумға қатысушыларға жәрмеңке ұйымдастырылды (+ВИДЕО)
Кеңөзек ауылдық округіндегі №72 референдум учаскесінде келушілерге жәрмеңке ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.
Жәрмеңкеде дауыс берушілер азық-түліктер мен қолдан жасалған бұйымдарды арзанға бағаға сатып алуда.
Сондай ақ, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеген көрмеге қобыз, торсық, дорба, масатыдан құрақталған көрпелер қойылған. Бұл бұйымдар – жәдігер емес, қолдануға жарамды дүниелер. Ал, қолөнершілер Кеңөзек ауылының тұрғындары. Сондай-ақ, ауылдың өнерлі оқушылары келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.