Саясат
Атырауда референдум өтетін күні инватакси мен сурдоаудармашылар жұмыс жасайды
Атырау облысында референдум күні мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 37 инватакси және 12 сурдоаудармашы жұмыс істейтін болады.
Мүгедектігі бар азаматтар тіркелген 255 учаскеде пандустар қарастырылған. Осы бөлімдердің әрқайсысында трафарет бар. Оның көмегімен көру қабілеті бұзылған азаматтар аудионұсқаны тыңдағаннан кейін бюллетеньді өз бетінше толтыра алады.