Жарнама
СаясатБЕЙНЕЖАЗБА

Атырауда кикбоксингтен әлемнің екі дүркін чемпионы дауыс берді (+ВИДЕО)

“Ел игілігі үшін өз таңдауымды жасадым” дейді кикбоксингтен әлемнің екі дүркін чемпионы Жандос Назарбеков.

Самал ықшамауданындағы №268 учаскеге дауыс берушілер көптеп келуде. Екі сағат ішінде учаскеге тіркелген 2548 дауыс берушінің 130-ы өз таңдауын жасап үлгерген.

“Таңғы 7.00-де алғашқы дауыс берушіміз 87 жастағы қария келіп, ерікті түрде өз таңдауын жасап, батасын беріп кетті. Референдумға сәттілік тіледі. Еліміздегі саяси өзгеріске өз үлесін қосып, таңдауын жасағанын жеткізді” дейді №268 учаске төрағасы Қайырғали Азилов.

Дауыс берушілердің қатарында кикбоксингтен әлемнің екі дүркін чемпионы, жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жандос Назарбеков те болды.  Кикбоксингтен әлем чемпионатына екі мәрте қатысып, жеңімпаз атанған спортшы еліміздің тұғыры қашан да биік болса екен дейді. Әлемдік додаларда Норвегия, Қырғызстан, Марокконың кикбоксшыларын жеңген Жандос ақтық мәреде украиндық спортшыны тізе бүктірген. Түрлі деңгейдегі жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп жүрген спортшы еліміздің болашағы да жарқын болса екен деп тілейді. Сол себепті, саяси маңызды науқанға үлес қосу үшін өз таңдауын жасауға келді.

  • – Референдум – тарихи сипатқа ие. 27 жылда алғаш рет болып отырған маңызды науқан. Мұндай ауқымды өзгерістер пакетінің референдумға шығарылуы — қисынды шешім. Бүгінде дауыс беру арқылы әрбір қазақстандықтың оған қатысуға мүмкіндігі бар,-дейді ол.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button