Атырауда халыққа қызмет көрсету орталықтары Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде
Он күннен соң еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облыстық филиалының қызметкерлері бұл мерейтойлық күнге арнап ХҚОлар мен АвтоХҚОда бірнеше шаралар ұйымдастыруда.
Үшінші желтоқсан жұма күні Бақыт БЕЙБІТҰЛЫ басшылық ететін АвтоХҚО қызметкерлері мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының төрін арнайы баннермен безендірді.
Бүгін №1ХҚОның Расул АШЕНОВ басшылық ететін қызметкерлері «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы клиенттермен бірге» атты акциясын ұйымдастырды.
Мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс орнату менеджері Бекжан АХМЕТОВ келушілерге сыйлықтар берілгенін айтты.
» Бүгінгі күн есте қаларлықтай. Клиенттеріміз зейнеткерлікке шығуына, туу туралы куәлік алуына, тұңғыш төлқұжат алуына, жылжымайтын мүліктің төлқұжаттарын алған кезде оларға кітаптар, сувенирлер, тәттілерді табыстадық. Мерекелік шаралар 16 желтоқсанға дейін жалғасады» дейді ол.
Әлеуметтік желіде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облыстық филиал директоры Муса ХАЙРУЛЛИЕВте өте белсенді. Оның инстаграм аккаунтын 61,5 мың оқырман оқиды, ал фейсбук желісіндегі парақшасын жеті мыңнан аса адам оқиды. Филиал директоры Атырау қалалық мәслихат депутаты ретінде ғана емес, қоғам белсендісі ретінде танымал.
Жерлестеріміз филиал басшысының әлеуметтік желісінен сауалдарына жауаптарын алып отырады.
«Әрбір Қазақстандық үшін Тәуелсіздік күні ерекше күн! Менің жасым 37де, мен тәуелсіз мемлекетте өстім! Филиалымыздың басшылары мен көп мамандарының жастары 40қа дейін, олар да тәуелсіз Қазақ елінде өсті! Біздің әр қызметкеріміз жұмыс орынға келген кезде, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі жауапкершілікті абыроймен атқаруда.
Азаматтарға арналған үкімет әрқашан жоғары деңгейге, цифрлану мен азаматтардың цифрлық сауаттануына ұмтылады» дейді ол.