ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

«Елбасы Жолдауының техникалық білім үшін орны ерекше» деді Орталық Коммуникациялар Қызметі брифингінде Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділов.

Ел дамуында күкірт сутегі, мұнай-газ геологиясы, барлау және өндіру, металл өнеркәсібіне баса назар аударылып отыр десек, осы салалар бойынша кадр дайындап отырған республикадағы бірден-бір оқу орны Ұлттық техникалық университет екені белгілі. 

 – Егер дамыған елдердің тәжірибесін алатын болсақ, техника мен технология саласындағы мамандардың үлесі АҚШ-та – 24, Еуроодақта – 36, Қытайда – 32, Үндістанда – 31, Ресейде 31 пайыз құрайды. Ал, бізде бұл көрсеткіш 18,6 пайызды шамалайды. Яғни, біз бұл сала бойынша мамандарды аз дайындаймыз, – деп түсіндірді ректор.

Әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарынан көрінгіміз келсе, техника мен технология саласы бойынша мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлуіміз керектігін баса айтқан жоғары оқу орнының басшысы біздің алға қойған мақсат-міндеттерімізді орындауда негізгі рөлді инженерлер мен техникалық кадрлар атқаратынына тағы  бір мәрте тоқталды. Оның айтуынша, «Қазақстан ғылыми қамтылған экономикасыз «Мәңгiлiк Ел» идеясына көшудiң экономикалық базисiн құра алмайды». 

Құралай ОРАЗ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз