Атырауда белгілі журналист Виктор Сутягин бастаған шығармашылық топ деректі фильм түсірді

2fefd4e9 f85d 4c58 9e37 f72eb1663614 Саясат

«Фильм – Атырау облысы аумағындағы зерттелмеген табиғи, тарихи және мәдени орындар туралы деректерді қамтып отыр», – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Төрт сериялы жоба Атырау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұхановқа салтанатты түрде тапсырылды.

Деректі фильм облыстық телеарналар мен басқа да ақпараттық ресурстардан көрсетілетін болады.

Құрамында белгілі журналист Виктор Сутягин және оператор, видео инженерлер Темірлан Сұлтанғазиев пен Әзілхан Уахитов бар түсіру тобы «Теңізшевройл» компаниясының (ТШО) қаржылай қолдауымен бірнеше ай бойы мұрағаттарды зерттеп, тарихи орындар туралы аңыздар мен тарихи мәліметтер жинақтады.

Шығармашылық топ Атырау облысының тұрғындарына туған жердің сұлулығын паш етуді мақсат еткен.

«Бұл фильмдер үкімет, журналистер қауымдастығы және ТШО арасындағы серіктестік синергиясының үлгісі болып табылады. Мұндай мазмұн өңіріміздегі туризмді дамыту үшін ғана маңызды емес, болашақ ұрпақ үшін тарихи-мәдени мұра болып табылады.
Қазіргі жастар шетелге шыққысы келеді, басқа елдердің сұлулығына тамсанады, сөйте тұра олар Атырау облысында қандай тамаша жерлерді көруге болатынын біле бермейді.

Фильмде жинақталған бірегей материалдар үшін Виктор Сутягиннің командасына үлкен рахмет», – деді ТШО үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев.

Жобаны жасаушылар қызықты контенттің туристерді Атырау өңірінің қайталанбас, бай мәдениеті мен табиғатына тарту үшін ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушылары мен студенттер үшін де ақпарат көзіне айналатынына сенімді.

Фильмді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көруге болады.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында бұл өте маңызды жетістік. Біз ТШО-ға және Рзабек Артығалиевке алғыс айтамыз. Үш тілдегі заманауи фильм облыс тұрғындарына өлкеміздің қаншалықты бай мәдениеті мен табиғаты бар екендігін сезінуге мүмкіндік береді.

Облыс тұрғындарының осындай бастамаларын алдағы уақытта да қолдауға шақырамыз» дейді Атырау облысы ішкі саясат басқармасы басшысы Қанат Әзмұханов.

Виктор Сутягин фильмдегі көптеген фактілер бұған дейін тарихшылар мен археологтарға ғана белгілі бооғанын атап өтті. Жалпақ жұртшылыққа жасырын болып келген деректерді фильм арқылы қолжетімді етуді мақсат еттім» дейді шығармашылық топ жетекшісі Виктор Сутягин.

Фильм топтамасы қазірдің өзінде «Теңізшевройл» ЖШС-нің Facebook желісіндегі парақшасында қолжетімді, сонымен қатар деректі фильм ТШО-ның ішкі корпоративтік арналары арқылы ағылшын тілінде көрсетілетін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз