Атырау өңірлік комиссиялар референдумға дайын ба?

big 6767031a578911205f81ac84e22fad14 Саясат

Республикалық референдумды ұйымдастыру ҚР Орталық референдум комиссиясының бекіткен календарлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда.

Өңірде 9 аумақтық, 261 учаскелік референдум комиссиялары, оларда барлығы 1968 комиссия мүшелері бар. Өңірде 261 референдум учаскелері бар, олардың 11-і жабық учаскелер (ауруханалар, уақытша қамау орны, әскери бөлімше). Облыста республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 396923 азамат тіркелген.

Азаматтарға дауыс берудің орны мен уақыты туралы хабарлау бойынша бірқатар шаралар атқарылуда. Біркелкі нысанда азаматтарға хабарландырулар жасалып, олардың мекенжайларына таратылды. Сонымен қатар, дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпараттар және азаматтардың өз учаскелерін іздеу жөніндегі қызметтер комиссиялардың atyrau.gov.kz интернет-бетшесінде орналастырылды.

Қазіргі уақытта референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар өздері тіркелген учаскелерден өздері туралы мәліметтермен таныса алады. Комиссиялар тізімдегі қателіктер мен жаңсақтықтарды түзету бойынша өтініштерді қабылдауға дайын және қажет болған жағдайда, азаматтар тізімдеріне өзгерістерді енгізеді.

Аталған құқықты іске асыру үшін референдум өткізуді ұйымдастыру кезеңінде азаматтарды учаскедегі азаматтар тізіміне енгізу туралы хабардар ету үшін онлайн сервистер, Call-орталықтар, интернет-ресурстар ұйымдастырылды.

Ақпараттық ресурстарда: https://www.gov.kz/referendum; https://referendum.gov.kz/; https://referendum2022.gov.kz/, http://sailau.atyrau.gov.kz/ азаматтарды тізімнен іздеу бойынша қызметі енгізілді. Аталған мақсатта арнайы Telegrambot @sailauAtyrauBot ашылды.

Референдумды өткізуге арналған сұрақтарға жедел жауаптар алу үшін біріңғай 109 номерлі Call-орталық жұмысы ұйымдастырылуда.

Барлық учаскелер материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген (урналар, кабиналар, оргқұралдар, сейфтер, компьютерлер, телефондар, т.б.).

Облыста мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайлар жасау бойынша қосымша шаралар қабылданды. 261 референдум учаскелерінің 255-інде пандустар бар (6 учаске пандустарды талап етпейді). Барлық учаскелер тактильдік белгілер, көз жанары ақаулығы бар азаматтарға аудионұсқаны тыңдағаннан кейін өзі бюллетеньді толтыру үшін трафареттермен қамтамасыз етілді.
Атырау қаласы және аудандар орталықтарында 39 инватакси қызметі ұйымдастырылады. Әлеуметтік қорғау органдары арқылы 12 сурдоаудармашыларды тарту көзделген.

Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың дауыс беруін ұйымдастыру үшін шаралар қабылданды. Бұл жұмыстарға 43 учаскелік комиссиялар тартылады. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар Атырау қаласы және Жылыой, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат аудандарында бар.

Облыстық референдум комиссиясымен қажетті санда дауыс беруге арналған бюллетеньдер дайындалды және олармен учаскелік комиссияларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Атырау қаласында орналасқан 11 референдум учаскесінде, оның ішінде: 1 – әскери бөлім, 1 – тергеу изоляторы, 9 – емханада орналасқан учаскелерде егер тізімге енгізілген барлық азаматтар дауыс берсе, онда дауыс беруді кез-келген уақытта аяқтау туралы тиісті аумақтық комиссиямен қаулы қабылданды.

Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялардың дауыс беру күні қорытынды шығаруы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.
Комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинарлары, тренингтер ұйымдастырылды.

Учаскелердің референдумды өткізу күніне дайындығы бойынша барлық шаралар алынып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз