Депутат Үкіметке қарсы шыға ала ма?

erubaev sony 1 Саясат

Оқырман назарына Атырауда жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ЕРУБАЕВТАН алған сұхбатымыздан үзінді ұсынамыз.

– Депутаттық сауал дейсіз, соның қойылатын тәртібі бола ма және одан қандай нәтиже күтіледі?

– Алдымен фракция отырысы кезінде төраға «сауал бар ма?» деп сұрайды. Егер жан-жақты пысықталған, яғни, әбден пісіп-жетілген сұрақ болса, оны Парламент қабырғасында қоюға рұқсат беріледі. Ал, оны біз жергілікті жердегі халықтың ұсыныс-тілектері негізінде дайындаймыз. Мәселен, «Ақ жол» партиясының Атыраудағы филиалына аяқтай келген тұрғын республикалық маңызы бар ұсыныс-пікір білдірсе, оны Парламентте көтеруге дайынбыз. Ал, жекелеген тараптардың мәселесін сот немесе басқа да жауапты органдар қарастырады. Онымен біз айналыспаймыз.  

Әрбір қойылған сауалға Үкімет тарапынан нақты жауап берілуі тіис. Ол жауапқа біз баға береміз. Келіспейтін тұсы болса, қабылдамаймыз. Мәселен, былтырғы бюджеттің тиімді жұмсалғанына біз келіспедік. Ал, бізге едйін ешбір депутат бұлай қарсы шықпады. Әрине, бұл жерде көптің дауысы ғана есепке алынатыны белгілі. Бірақ, осының өзі демократия бар дегенді білдіреді. 

Сұхбаттасқан: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз