Жарнама
Саясат

«Ата-анаңызға алғыс айтамыз!»

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Мәулен Мүтиев жас мемлекеттік қызметшілердің жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін олардың ата-аналарына Алғыс хаттар тапсырды.

Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаметінің қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Альбина Галиеваның осы мекемеге келгеніне көп уақыт өте қоймаған. Дегенмен, оның мемлекеттік қызмет саласында он жылға тарта еңбек өтілі бар екен. Бұл саланың өзіне тән қиыншылығы болғанымен, кейіпкеріміз жүрек қалауымен таңдаған мамандығын ештеңемен алмастырмайтынын айтады.

– Бұған дейін Ұлттық банкте, облыстық әкімдіктің басқармаларында қызмет еттім. Сол лауазымдарда жинаған тәжірибемді мемлекеттік қызмет саласында жетілдірсем деймін. Мемлекеттік қызметтің ең басты ерекшелігі – оның сенің өмір сүру салтыңа айналатынында. Яғни, қоғамның айнасы болғаннан кейін барлық адами қасиеттерді бойыңа сіңіріп, жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындауға тиіссің, — дей келе Альбина Кеңесқызы таңдауына ұдайы қолдау білдіріп жүретін ата-анасына алғысын білдірді.

«Әрбір ата-ана үшін баласының аз да болса жетістікке жеткені үлкен мәртебе ғой.  Бұл жолы департамент басшылығының бізді де елеусіз қалдырмауы тосын сый болды» дейді кейіпкеріміздің анасы Нұрсұлу Ғабдуллина.

Мұндай марапатқа департамент қызметкерлері Эльза Жұмағалиева, Дарын Теміржанов, Нұрия Ғазизова, Гүлфарам Жалмұханова, Нұрхан Әмидолланың ата-аналары да ие болды.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button