Жарнама
Саясат

АРЫЗДАНЫП АЛҒАН АҚЫ

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Салауат Ишайдың айтуынша, қоғамдық тұрақтылық пен еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге талдау жүргізілді. Нәтижесінде «КТК SERVICE TRUNKS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 87 жұмысшыға 12 миллион теңге еңбекақы бережақ екені анықталды. Жұмысшылардың құқығы қорғалып, бұл сомадағы жалақы толық өндірілді. Ал, заң бұзушылықтың орын алу себебін Атырау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Алтынбек Аманжолов былайша түсіндірді:

– Компания арнайы техникалары мен жұмысшыларының жоқтығына, оның еңбекақыларын заңда көзделген мерзімде беру қабілеттігі болмауына қарамастан, ірі көлемді жұмыс түрлерін мойындарына алуынан осындай жағдай орын алған. Сондай-ақ, аталған серіктестік Алматы қаласында орналасуына байланысты, жұмысшылардың нақты еңбекақысын анықтауға мүмкіндігі болмады. Осыған орай, Алматы қаласының Алатау аудандық прокуратурасына заң талаптарын сақтамағаны үшін тиісті шаралар алу жөнінде хат жолданды.

А.Аманжоловтың айтқанындай, алғашында жалақы бережақтары анықталған 37 жұмысшыға төрт миллионнан астам теңге еңбекақы өндірілді. Кейін берешек сома толық көлемде өтеліпті.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Өткен жылы Атырау қаласында жұмыс берушілер арасында бір мыңнан астам заң бұзушылық анықталып, оның 29-ын жою туралы ұсыныс енгізілді. Ал, 11 ұйғарымның қаралу нәтижесімен 97 тұлға тәртіптік, 22 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button