Жарнама
Саясат

«АҚЖОЛДЫҚ» МӘЖІЛІСМЕН «АТЫРАУ-ЖАРЫҚ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мұнайлы өңірде іссапармен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев қазір «Атырау-Жарық» кәсіпорнының ұжымымен кездесті.

Халық қалаулысымен бірге, партия филиалының саяси кеңесшісі Әбілхан Төлеуішев, аппарат жетекшісі Айсұлу Қондыбаева мен мәслихат депуттары да қатысты. Азаматтар референдумға бөлінген қомақты қаржының жұмсалуы, нарықтағы баға қымбатшылығы, несие рәсімдеудегі үстемелік пайыздың жоғарылауы, мемлекеттік тіл жайы, сұраныстағы маман тапшылығы және басқа да мәселелерді көтерді. 

Айта кетейік, кеше халық қалаулысы облыс орталығындағы онкологиялық деспансерде болып, биылғы 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мән-маңызын түсіндірген еді. Бұл ретте, Серік Сәрсенұлы Ата Заңның 33 бабына өзгеріс енгізуді көздейтін  референдумның нәтижесінде халықтың әлеуметтік мәселелері шешімін табатынына сенімді. Алдағы уақытта облыс әкімдерін сайлауға да өзгерістер енгізілетін болады. Мәселен, бұрын Президент бір ғана үміткерді ұсынса, енді екеуін ұсынады. Ал, оның қайсысы әкім болуға лайық, бұл облыстық мәслихат сессиясында анықталатын болады.

Амандық АБДОЛ

img 20220513 165330 840

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button