Жарнама
Саясат

Әмен Тұяқов Атырауда дауыс берді

Жеңіл атлетикадан КСРОның Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткері Әмен Тұяқов Атырауда дауыс берді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Белгілі спорт шебері Н.Тілендиев атындағы облыстық кіші өнер академиясында орналасқан №8 дауыс беру учаскесінде  таңдауын жасады.

Бұл тарихи кезең қайраткердің 85 жасымен тұспа-тұс келіп отыр екен.  Күні кеше ғана Атырау қаласында мерейтойы өткен белгілі спорт ардагері даусын ұлкен өмірге алғаш қадам басқан Атырау өңірінде бергеніне  қуанышты екенін жасырмады.  

«Мен бүгін қуаныштымын. Өйткені, ұрпағымыз үшін, келешек үшін маңызды қадам жасайтын ең жауапты  кезеңде тұрмыз. Еліміздің бейбіт, балаларымыздың бақуатты өмір сүруі үшін өз таңдауымызды жасап жатырмыз.  Өз басым келешектің кемел болатынына сенемін. Сол үшін аянбай тер төгуіміз қажет»,- деді ардагер спортшы. 

Айта кетейік, бүгін, яғни 5 маусымда ел Конституциясына түзетулер бойынша жалпыұлттық референдум өтіп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button