Әлібек Науаров басшы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын орташа 3,33 GPA мәнімен үздік аяқтаған түлектердің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алуы болып табылады.
Бұл мемлекеттік органдардың қажеттіліктеріне өзара тығыз байланыста білімін, дағдылары мен икемділігін үздіксіз арттыратын мемлекеттік қызметшілерді ынталандыруға бағытталған. Осы ретте, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Адами ресурстарды басқару» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын 2023 жылы орташа 3,51 GPA мәнімен үздік аяқтаған Науаров Әлібек Қойшыбайұлы уәкілетті органның келісімі бойынша Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды. Меритократия кағидаты негізінде басшылық лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшіге ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік пен табыс тілейміз!