Әйелдердің әлеуметтік мәселелері
Парламент Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға кандидаттарды ұсыну бойынша сайлау алдындағы үгітнасихат науқаны жүруде.
Осы мақсатпен Атырауға келген «ADAL» партиясынан Мәжіліске депутаттыққа үміткер Алина Асқарованың кездесулері мазмұнды өтті. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында жастармен кездескен А.Асқарова кәсіптік білім беру және мұғалімдерге жоғары жалақы төлеу мәселесіне маңыз берді.
Шара қатысушылары да «халықтың әлеуметтік осал санатына баспана алу үшін жақсы жағдай жасау керек» деген пікірлерін ортаға салды. Ал, Тұрғын үй қалашығындағы ретро-саябақта жергілікті кәсіпкер қыз-келіншектермен жүздесуде де елдің көкейінде жүрген мәселелер талқыланды. Шараға қатысушылар партияның білім беру с апасын арттыруға, азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеуге көбірек көңіл бөлуді сұрады.
Сондай-ақ, әйелдер үш жылға дейінгі декреттік демалыста бала күтімі бойынша төлемнің тек 1 жасқа дейін төленетініне наразылық білдірді. Кандидаттың кезекті кездесуі «Ана лар үйінде» өтті. Ат а лған орталықтағы жас аналар «мемлекет жалғызбасты аналарды әлеуметтік қолдауды да назардан қалдырмасын» деген тілектерін айтты.
Алина Асқарованың айтуынша, әйелдерді қ ұ қ ы қ т ы қ м ә с е л е л е р б о й ы н ш а оқыту қажет. «Олар өз құқықтарын білмегендіктен түрлі кедергілерге тап болып жатады» деді ол. Кездесуге келген көпшіліктің проблемалық мәселелерін тыңдаған кандидат партия бағдарламасының әр пунктіне түсіндірме берді. А.Асқарова барлық мәс елелер бекітілгенін және партия жұмысында ескерілетіндігін айтты.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА