Саясат
«Агроөнеркәсіпті субсидиялаудың ұзақ мерзімдік жаңа тәсілдерін әзірлеу керек»
Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет.
Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
«Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек», — деді Президент.
Айта кетейік, Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында жетінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашып, халыққа Жолдауын жариялап жатыр.