Жарнама
Саясат

АБЫРОЙ АРҚАЛАҒАН КЕЗЕҢ

Соның ішінде 1998-1999 жылдар аудан үшін ауыр сынаққа айналды. Зейнеткерлерге 6,8 млн. теңге, жұмыссыздар  жәрдемақысы мен әлеуметтік жәрдемақыларға  тиесілі 7,3 млн. теңге қаражат бере алмай келген кездеріміз болды. Жекеменшік және шаруашылық құрылымдары еңбекақы орнына тамақ-заттай есептесіп отыратын күндер болғаны көз алдымызда. Бірінші шақырылымға сайланған депутаттар арасында Харес Биляшев, Ерсайын Досмұхамбетов, Александр Митрофанович Ухов, Зинелғайын Хисин, Ұзақбай Жәдіғұлов, Елемес Абдошев, Нурибек Сабиров, Әлімжан Жармұхамбетов, Злиқа Дүйсекенова, Жұмақай Ғұмаров сынды  шаруашылық және мекеме басшылары болған тәжірибелі, ел арасында сыйлы депутаттарымыз болды. Осындай депутаттарымыздың арқасында атқарушы органмен бірлесе жұмыс жасап, ел халқының ынтымақ-бірлігін жарастыруда, алдағы  күндерімізге үміт арттыруда, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын жергілікті жерде жүзеге асыруда абыройлы еңбек атқарылды деп айта аламыз.

ІІ шақырылымда 14 депутат сайланды. Олардың қатарында Жасталап Хажитов, Бержан Кенжебаев, Ғарифолла Оралбек, Қазихан Мұхамбетқалиев, Алтын Әбуева, Сағидолла Кулов, Мансур Қуанышалиев, Бақтығали Маужанов, т.б. тәжірибелері мол депутаттарымыз болды. Ол шақырылымдарда да аудандық мәслихат сессияларында аудан көлемінде өзекті болған мәселелер бойынша тиісті бағдарламалар қабылданып, бірқатар жұмыстар іске асырылды. Әсіресе, қордаланған әлеуметтік мәселелерді шешуде сол шақырылымдағы депутаттарымыздың үлкен қозғаушы күш болғандығын атап өткен жөн.

Үшінші шақырылған мәслихат (2003-2007 ж.) құрамына Орынбек Хамитов, Римма Габдушова, Шайхатолла Жәлелов, Жұмажан Шакупов, Амантай Құмар, Қазихан Мұхамбетқалиев, Байтолла Ғазизов, Жұмажан және Сәкен Бисеновтер, Болат Абдолов сынды азаматтар депутаттыққа  сайланды. Ерекше айта кетерлігі, бұл шақырылым өңірдің даму динамикасы жоғарылап, экономикалық,  әлеуметтік, саяси реформалар қарқынды жүзеге асырыла бастаған күрделі кезеңде жұмыс жасады. Бұл кезеңде аудандық мәслихат бойынша 379 шешім қабылданса, 13 депутаттық  сауал бойынша нақты іс жүзеге асырылды.

Төртінші шақырылған аудандық мәслихат (2007-2012 жылдар аралығында) 14 депутаттан сайланды. Олардың құрамында Жеңіс Абулхайров, Орынбек Хамитов, Римма Габдушова, Байтолла Ғазизов, Шайхатолла Жәлелов, Жұмажан Шакупов, Қазихан Мұхамбетқалиев, Бауыржан Бекжанов, Хамит Қабылов, Сатхан Қалиев, Мансур Қуаншалиев, т.б. болды.  Бұл шақырылымда да сәтті істер жалғасын тауып, жүзеге асырылды деп айта аламыз.  Себебі,  Елбасы  Нұрсұлтан   Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет қолға алған шаралардың және олардың жергілікті орындарда уақтылы орындалуы себепті  күллі әлемді шарпыған қаржылық дағдарыс кезінде тұйықтан жол табылып, халық дағдарысты аса сезіне қойған жоқ. Осы шақырылымда аудандық мәслихат сессияларында 460 шешім, 15 депутаттық сауал бойынша шешімдер қабылданып, жүзеге асырылды.

Қазіргі кезде бесінші шақырылғанаудандық мәслихат құрамында Римма Габдушова, Шайхатолла Жәлелов, Бержан Кенжебаев, Салауат Мырзағалиев, Болат Жүгінісов, Жұмажан Шакупов, Бауыржан Бекжанов, Нұрлан Хұсайынов, Амангелді Рахмеденов, Болат Абдулов, Сатхан Қалиев, Мансур Қуаншалиев, Аманжол Ғаббасовтар өз сайлаушыларының сенімін ақтап, абыройлы жұмыстанып келеді.

Шайхатолла Жәлелов, Бержан Кенжебаев, Салауат Мырзағалиев, Болат Жүгінісов, Жұмажан Шакупов, Нұрлан Хұсайынов, Амангелді Рахмеденов, Болат Абдулов, Сатхан Қалиев сынды депутаттарымыз аудан көлеміндегі депутаттық қызметтерімен қоса, мәдени-көпшілік қайырымдылық шараларға әрдайым белсенділік танытып, қоғамдық өмірге белсене араласып келеді. Ауданның барлық ірі  елді  мекендерінің газдандырылуы, «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында  ауданда бой көтерген үш қатарлы аудандық емхана ғимараты, Асан, Үштаған, Сафон, Кудряшов ауылдарында тұрғызылған жаңа үлгідегі орта мектептер, Ганюшкин орталығындағы мәдениет үйі, әр елді мекендерде салынып жатқан спорт кешендері, «Таза ауыз су», кейін «Ақбұлақ» бағдарламасымен жүріп жатқан елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары, әр елді мекендерде «Балапан» бағдарламасына сай ашылып жатқан балабақшалар, білім беру және денсаулық саласының  материалдық базасын жаңартуға бөлініп жатқан қаражаттар, аудан орталығы мен Ақкөл селосына баратын жолда төселген асфальт жолдар, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы, ауыл шаруашылығын қолдау бағытындағы орасан зор бағдарлы жұмыстар, басқа да көптеген игі істер сонау тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезіндегі ел арманының орындалғанын көрсетеді.

Тәуелсіздік елең-алаңында 365-580 миллионнан аспаған  аудан бюджеті бүгінде 5 миллиард теңгеден асып түсті.  Даму бағдарламаларымен қосқанда бұл қаржы 7-9 миллиардқа дейін жетуде. Осының барлығын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатымен  байланыстырғанымыз жөн.

Әр жылдары өкілді органдардың өкілеттігі кеңейтіліп, қолданыстағы заңдарға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп келді. Аудандық мәслихат аппаратында бұрын екі бас маман жұмыс жасап келсе, 2005 жылдан бастап аппаратта мәслихат хатшысынан бөлек, бес  мемлекеттік қызметкерге дейін штаттық бірлік беріліп отыр. Өкілді органның құзыреті де  кеңейіп келеді. Азаматтық қоғам құруды басты мақсат  тұтқан  елімізде жергілікті өзін-өзі басқару міндетінің мәслихаттар құзыретіне берілуі, облыс, аудан әкімдерін тағайындауда өкілді органның келісімінің алынуы, өкілетті органның саяси рөлінің артуы демократиялану жолындағы зор үрдіс болды деп есептейміз. Жергілікті өкілді органдардың жоғарғы органдармен байланысы да жетілдіріліп келеді.

Кейінгі жылдары Парламентте аймақтық саясат және мәслихаттармен жұмыс жөнінде кеңес құрылды. Ондағы мақсат –  жергілікті өкілді органдармен іс-қимылдың тиімді жолдарын қарастыру. Ал, 2013 жылы 18-20 маусым күндері Сенат төрағасының орынбасары Қ.Ищанов пен Сенат депутаты, экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы С.Еңсегеновтің ұйымдастыруымен Атырау облысы мен жергілікті мәслихат хатшыларының, кейбір мәслихаттардың аппарат басшыларының Астана қаласына іскерлік іссапары ұйымдастырылды. Сапар барысында Орталық Сайлау комиссиясы, Республика Парламентінің Сенаты және Мәжілісі, Республикалық  өңірлік даму, Әділет, Экология және қоршаған ортаны қорғау, Көлік және коммуникация, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ-ның бірінші басшылары, департамент, комитет басшыларымен кездесу ұйымдастырылып, қолданыстағы заңдылықтарды жетілдіру, кездесетін қайшылықтарды, жергілікті жерде қордаланған проблемалар жөнінде тікелей мәселелер қоюға мүмкіндік алдық.

Өмір бір орында тұрмақ емес. Халықтың тұрмысы түзелген сайын,  жаңадан мәселелер туындап, жұмыс барысына қойылатын талап та өзгере түспек. Бұқараға Жолдауында Елбасы ең басты меже – дамыған отыз елдің қатарына ену екендігін мәлімдей отырып, тиісті орындарға жаңа міндеттер жүктеді. Ел игілігі үшін атқаратын түйінді мәселелерді парасаттылықпен шешуде депутаттардың атқарушы органмен бірлесе отырып, халық алдында абыройлы қызмет жасай беретініне сенімім мол.  

Рифхат СҰЛТАНИЯЗОВ,

Құрманғазы аудандық

мәслихатының хатшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button