Жарнама
СаясатЖаңалықтар

«Nur Otan»: Атыраудағы сайлауалды штаб өз жұмысын бастады

Мемлекет басшысының арнайы жарлығына сай 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауына байланысты іс-шаралардың келесі кезеңі басталды.

Бекітілген талапқа сай, 11 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалының сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Арнайы өткізілген жиын барысында Атырау қалалық сайлауалды штабының жетекшісі Қаршыға Жауымбаев жалпы мәліметтері жария етіп, жұмыс жоспары, межелі міндеттерді таныстырды.

  • Аумақтық сайлау комиссиясында 32 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелген. Үміткерлер ішінен 25 адам – праймериз жеңімпазы, 7 адам партия филиалының квотасы бойынша енгізіліп отыр. Партия басшылығының тапсырмасы бойынша құрылған аумақтық сайлауалды штаб құрамына енген 19 адам – әр сала өкілдері. Сондай-ақ мәслихат депутаттығына кандидат 8 мүше бар. Штаб мүшелері сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие, — деді ол.

Өз кезегінде штаб жетекшісінің орынбасарлары Бейбіт Мырзағалиев пен Серік Арыстан нақты іс-қимыл жоспарлары, желілік кесте, медиа жоспар тармақтары туралы айтып өтті.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button