«7-20-25»: Алғашқы жетістіктер
Жолдау жолдарынан:
«Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырамын»
«7-20-25» бағдарламасы арқылы баспана берудің жаңа мүмкіндіктері қарастырылды.
Қазіргі таңда қоныс тойын тойлаушылар қатары көбейіп, жеңілдетілген ипотека жұртшылыққа тиімділігін дәлелдеді.
Аталған бағдарламаның операторы болып табылатын «Баспана» ипотекалық ұйымының ақпаратына сәйкес, ел бойынша жалпы сомасы 40 млрд.теңгеге 3339 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 26 млрд.теңгеге 2179-ы мақұлданған. Атырау облысы бойынша 7 қатысушы банкке 80 өтініш (жалпы құны – 1 млрд.теңге) берілсе, 55 өтінімнің төлем қабілеттілігі расталып, қанағаттандырылды. Елбасы Жолдауда осы бағдарламаға тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беруді жүктеді. Демек, табысы жеткен әрбір қазақстандықтың тиімді жолмен пәтерлі болуға құқығы бар.
Абзал ШАРАФИДЕНОВ,
«Ұлттық банкі» Атырау облысы филиалының бас маманы.