Жарнама
Саясат

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 261 УЧАСКЕ РЕФЕРЕНДУМҒА​ ДАЙЫН


Республикалық референдумды ұйымдастыру ҚР Орталық референдум комиссиясының бекіткен күнтізбелік жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда. Атырау өңірінде ​ 9 аумақтық, 261 учаскелік референдум комиссиясы, оларда барлығы 1968 комиссия мүшесі бар.

Өңірде 261 референдум учаскесі бар, олардың 11-і жабық учаскелер (ауруханалар, уақытша қамау орны, әскери бөлімше). Облыста республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 396923 азамат тіркелген.

Азаматтарға дауыс берудің орны мен уақыты туралы хабарлау бойынша бірқатар шаралар атқарылуда.

Біркелкі нысанда азаматтарға хабарландырулар жасалып, олардың мекенжайларына таратылды.​ Сонымен қатар, дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпараттар және азаматтардың өз учаскелерін іздеу жөніндегі қызметтер комиссиялардың atyrau.gov.kz интернет-бетшесінде орналастырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button