Астанада геологиялық зерттеулер орталығын құру көзделіп отыр.

alogo1223333334Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәжілісі кезінде  Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.  «Жер қойнауын пайдаланудың геологиясына қатысты бiрқатар проблемалар қордаланып қалды. Бiз геология жүйесiнiң дағдарысы жайында айттық. Мемлекет басшысы осы жұмысты жандандыру бойынша тапсырма берген болатын. Сол себептi, осы жылы Геология комитетi, Қазгеологияның командасы жаңартылды, сарапшы мамандар мен шетелде бiлiм алған бiздiң геолог-мандарымыз тартылды. Бiзде геологиядағы әлеуетiмiз өте үлкен. Кеңес үкiметi кезiнде аз ғана тереңдiк, шамамен 100-200 метр зерттелген болатын. Бiзде не технология, не маман болмағандықтан, бiз одан терең зерттеу жүргiзген жоқпыз. Осыған байланысты Геологияны дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасын әзiрледiк. Президент жеке инвестициялардың геологиялық барлау жүргiзуiн оңтайландыратын заң жобасын жыл соңына дейiн Парламентке жолдауды тапсырғандықтан, бiз қазiр заңнамалық базаны толық өзгертудемiз», - дедi Ә.Исекешев.  Ол жыл соңына дейiн халықаралық компаниялармен 4 келiсiмшарт жасалатынын айтты.«Қазiр геологиялық зерттеулердiң барлығы шетелде жүргiзiлетiндiктен, ғылыми және лабораториялық база құру мәселесi туындады. Осы орайда бiз Назарбаев университетiмен бiрлесiп, Астанада геологиялық зерттеулер орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Қазiр мамандар дайындау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Жалпы, геология саласында Австралия мен Канаданың тәжiрибесiн негiзге алмақпыз. Мемлекет басшысының сынына қатысты айтар болсам, технология саласындағы iрi халықаралық компаниялармен жұмыс жасау бойынша жыл соңына дейiн 4 келiсiмшарт жасалады. Ол – Австралия, Корея және Жапония компаниялары», - дедi министр.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз